Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Генетикалық зерттеу нәтижесінде 7 мың жыл бұрын өмір сүрген еуропалықтардың тәні мен шашы қара, көзі көк болғаны анықталды. Бұл туралы Nature журналы хабарлады.

Ғылымда үлкен дау тудырған бұл жаңалық әлемге кездейсоқ тарап кетті, деп жазады trtkazakh.com.

Жеті мың жылдық сүйектерді ауа райының қолайсыздығына байланысты үңгірде қалып қойған екі альпинист тауып алғанға ұқсайды. Олар дереу полицияға хабар берген. Әуелде прокурорлар адамдарға қастандық жасалуы мүмкін деген болжаммен тергеу жұмыстарын бастады. Дегенмен көп ұзамай табылған сүйектер 7 мың жыл бұрын өмір сүрген аңшылардың сүйегі екені анықталды.

Сүйектерден алынған ДНҚ баршаны таң қалдырды. Зерттеу қорытындысы Пиреней түбегінде өмір сүрген аңшы-терімшілердің болжанғаннан да қара торы болғанын дәлелдеп отыр.


BNews.kz «www.bnews.kz».

 

Рубрика: