Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

экспоҚонақтарға жайлы – үйімізге де жақсы. Дәл осы қағидатты ұстана отырып, Астана қаласының әкімдігі дүниежүзілік «Expo-2017» көрмесіне дайындалуда.

 

1. Жаңа дәуір

Біздің Астана әлемді болашаққа жетелеуі тиіс. «Expo-2017» ұйымдастырушыларының алдына осындай міндет қойылған.

Қазақстан – «болашақтың энергиясы» бастау алған мемлекет, «жасыл экономиканың» отанына айналады. Қазіргі кезеңде сарапшылар өнеркәсіп пен энергетика салалары үшін жаңа дәуірдің басталатынын айтуда. Дүниежүзіне танымал «Ехро» брендінің беделін есепке алсақ, бұл көрме өз тарихында бірнеше рет «әлемдік төңкеріс» әкелген. 1878 жылы Парижде өткен Экспомен бірге әлемде электр жарығының жаңа дәуірі басталған. Соңғы 160 жылдың ішінде темір мен таза шыныдан жасалған атақты Хрустальді сарай мен Эйфель мұнарасынан бастап хай-тек стиліндегі озық ойлы зауыттарға дейін көптеген кереметтер салынды. Бұған дейінгі көрмелерде адамзат баласы телеграф аппараты, электр шамдары, гидравликалық лифт сияқты ғылымның жетістіктерімен танысты.

Айтпақшы, Хрустальді сарайдың тарихына тоқталсақ, ол 1851 жылы Бірінші «Expo» бүкілдүниежүзілік көрмесін өткізуге орай Лондонның Гайд-паркінде павильон ретінде салынған. Ал осыдан 78 жыл бұрын, 1936 жылы бұл ғимарат өртеніп кеткен. Хрустальді сарайдың аумағы 90 мың шаршы метрден астам, ұзындығы 564 метр және биіктігі 33 метр болды. Сәулетші Пакстонның жетекшілігімен бой көтерген нысан 14 мың келушіні сыйдыра алды. Англияда бұрын-соңды болмаған темір мен шыныдан тұрғызылған конструкция көрмеге келушілер мен қала тұрғындарында үлкен таңданыс туғызды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін сарай қайта бұзылып, жаңа орынға — Лондонның түбіндегі Сайденхем-Хилл елді мекеніне көшірілді. Бірақ 1936 жылдың 30 қарашасы күні тілсіз жау Шыны сарайын түгелімен күлге айналдырды. Өрттің себебін сол күйі ешкім анықтай алмады. Электр сымдарының ескіруі расталуы мүмкін себеп ретінде қарастырылды.

Алғашқы өрт сөндіру көлігі жеткенде ғимарат толығымен отқа оранып жатты, қою түтін алыс қашықтықтан көрініп тұрды. Жалынды ауыздықтауға 88 өрт сөндіру көлігі мен 1 мың адам жұмылдырылды. Палатадан үйіне қайтқан Уинстон Черчилль: «Бұл бүтін дәуірдің жойылуы», – деп сарайдың жойылуы туралы күйінішпен айтқан болатын. Хрустальді сарай одан кейін қалпына келтірілмеді.

Ал Астанада «Ехро-2017» дүниежүзілік көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстан «Болашақтың энергирясы» тақырыбын ұсынды. Біздің көрме энергетика саласына сапалы өзгерістер әкелуге бағытталған, оның ішінде ең алдымен қуат көздерінің баламалы түрлерін дамыту мен оларды тасымалдаудың тың әдістерін табу.

 

2. Астана деп осыны айт!

Қазақстанның бас қаласы – Астана 2012 жылдың 22 қарашасы күні Парижде 161 мемлекет өкілдерінің (Халықаралық көрмелер бюросының мүшелері) қатысуымен өткен құпия дауыс беруі барысында «Expo-2017»-нің астанасы ретінде жеңіп шықты. Астананың өтінішін Халықаралық көрмелер бюросының қатысушысы – 103 мемлекет қолдады. Біздің басты «қарсыласымыз» – Бельгияның Льеж қаласы 44 дауысқа ие болды. 3100 мемлекет – жалғыз таңдау!

 экспо

3. Әлем бізге қарайды

Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан әлемнің аузынан түспейді. Астанадағы «Expo» көрмесі үш айға созылады – 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейін жалғасады. Бұл көрмеге әлемнің жүзге жуық мемлекеті мен ондаған халықаралық ұйымдар қатысады. Астанадағы көрмеге кемінде бес миллион адам келеді деп күтілуде. Жалпы, Орталық Азия өңірі мен ТМД аумағында мұндай ауқымды шара тұңғыш рет өткелі отыр.

 

4. Миллиардқа татитын іс

Астанада «Expo-2017» көрмесін өткізу үшін 1 миллиард 250 миллион евро жұмсалады. Есеп-қисаптарға сенсек, шамамен 250 миллион евро көрменің өзі мен оған байланысты шаралар өткізуге қажетті алаңдарды дайындау мақсатында шығындалады (қажетті коммуникацияларды іске қосу, тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету). Ал көрменің өзіне бір миллиард евро жұмсалмақ. Бұл қаражатқа павильондар, қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары мен сауда алаңдары салынады.

 

5. Қонаққа арналған үйлер өзімізге қалады

Көрме аяқталғаннан кейін оған арналып салынған өндірістік ғимараттар мен тұрғын жайлар қаланың меншігіне өтеді. Осылайша, қала билігі көрме өткізуге бағытталған ұйымдастырушылық жұмыстарды қолға алумен қатар, қаладағы қолжетімді баспана жетіспеушілігінің мәселесін шешуге үлес қосады. Сәулетшілердің сөзінше, Экспо қалашығы тек қонақтарға жайлы болсын деп қана жобаланбайды, ондағы ғимараттар мен құрылыс нысандары болашақта өзімізге қызмет ететін болады.

 

6. Елдің ішіндегі ел

Сенат депутаты Ғани Қасымов Астанадағы «Ехро-2017» көрмесінің аясында «Диснейленд» салуды ұсынды.

Өзінің депутаттық сауалында ол: «Қазір 2017 жылы ЕХРО көрмесінің Астанада өтетіні белгілі болды. Мемлекет басшысы туристерді қосқанда бес миллионға жуық шетелдік келетінін тағы бір рет атап өтті. Қазір ЕХРО өткеннен кейін не болмақ деген мәселе талқыланып жатыр. Мен ата-аналар мен балаларға арнап Диснейленд сияқты халықаралық деңгейдегі қалашық салуды ұсынамын», – деп жазады.

«Меніңше, бұл талқылауға тұрарлық мәселе. АҚШ, Жапония мен Францияда Диснейленд бар. Еуропаның адамдары балаларымен бірге Парижге арнайы барады. Бізде Шығыс Еуропада, ТМД елдерінде, Орталық Азия аймағында мұндай атымен жоқ. Біз осындай қалашық салсақ, ТМД елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халқын тарту мүмкіндігіне ие боламыз», – деді сенатор.

Оның пікірінше, бұл инвестиция өзін ақтайды, бұл қалашық көрмеден кейін де еліміздің игілігі үшін ұзақ жылдар бойы жұмыс істей алады. Депутаттың айтуынша, бұл туризмді дамытуға бағытталған тиімді шаралардың бірі болмақ. Бірақ әрине, ең алдымен ғылыми және білім беру нысандарына басымдық берілуі тиіс.

 

7. Теміржолға да берері бар   

Астанадағы болашақ Экспо орталығы маңынан жаңа теміржол бекеті бой көтермек. Бұл жобаның жай-жапсары әлі де пысықталып, талқылануда, оның жобасын әзірлеумен Санкт-Петербургтің үздік сәулетшілері айналысуда. «Жаңа теміржол бекеті әуежайдың маңынан ЭКСПО-2017 көрмесіне орай салынады»,— депті Тасмағамбетов Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висент Лоссерталеспен кездесу кезінде.

Қалада одан басқа да «жасыл экономика» тақырыбына арналған көптеген нысандар салынбақ. Мәселен, жаңадан экоықшамауданы құрылысы жоспарлануда. Ол жерде энергия өндірудің және сақтаудың дәстүрлі емес тәсілдері қолданылады. Жобада, сондай-ақ, жаңадан жол-көлік төсемдері құрылысы бар.

 

8. Көрме кетеді, ғылым қалады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметіне халықаралық көрмені жоғары деңгейде ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын бере отырып, Астанада «Ехро-2017» үшін салынатын нысандардың барлығы жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге бағытталатын зертханаларға, ғылыми парктерге айналуы тиіс екен атап өткен болатын. Ал қала билігі Астанадағы Экспоны тек қонақтардың есінде қалатындай етіп қана емес, қала үшін маңызды, болашақ ұрпақ үшін пайдалы етуге барлық күшін салады.

 экспо

9. Күн астында көктейміз

Күн – қуат көзі, әрі Астанада өтетін «Ехро-2017» көрмсесінің сиволы. Еліміз бен әлем үшін маңызды осынау шараға арнайы әзірленген логотипке көз салсаңыз, осындай ой жатыр. Әдемі иілген, сәнді қалпымен көрген адамның көзін қуантатын жасыл жапырақтар қозғалыс және күштің белгісі болуы тиіс. Түстерді пайдалану кезінде логотип авторлары кемпірқосақтың түстерін пайдаланған, осылайша отандық суретшілер табиғатты әспеттеп, энергияның жасыл идеяларына мән беруге тырысқан. Ал сары түстердің көптеп орын алғаны біздің Экспоны күнмен байланыстырады. Астана қаласы жылына 300 күн бойы күннің жарығына шомылады, күн біз үшін әлеуеті зор қуат көзі болып табылады.

 

10. Аңыздар туатын жер

Выставки «Ехро» көрмелері әдетте сан түрлі жаңалықтар мен тың нәрселердің туатын жеріне айналады. Біле білсеңіз, вафлиден жасалған ыдысқа құйылған балмұздақ 1904 жылы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен дүниежүзілік көрмеден кейін әлемге танылып, кеңінен тарап кеткен. Ал «Жұмысшы мен колхоз қызы» атты танымал ескерткіш 1937-ші жылы «Заманауи тіршіліктегі өнер мен техника» тақырыбымен Парижде өткен көрмеде кеңес елінің павильоны үшін арнайы жобаланған. Ия, бі Астанада өтетін «Ехро-2017» көрмесінен де тың жаңалық күтеміз. Біз ғана емес, тың жаңалықты бүкіл әлем күтеді.

 

Рубрика: