АЛТЫНОРДА
Новости

EXPO-2017 көрмесінде туристерге қазы мен қымыз ұсыну керек — депутат

©Тұрар ҚазанғаповПарламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл EXPO-2017 көрмесі кезінде қонақтарға қымыз бен қазы ұсыну керектігін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«EXPO-2017 көрмесіне біз ғылыми-техникалық жетістіктерден басқа қандай құндылықтармен барамыз? Біз ұлттық жоралғыларымызбен және дәстүрлерімізбен, бай ұлттық мәдениетімізбен ерекшелене аламыз. Жаһандық шарада миллиондаған БАҚ-ты қазақ халқымен жан-жақты таныстыру ойластырылған ба? Ұлттық шығармашылық қандай деңгейде таныстырылады? Қонақтарға қазақтың өз атамекенін ұзақ уақыт бойы сақтаған, мыңжылдық тарихы бар ежелгі халық екенін көрсету маңызды», — деді депутат Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдап.

Ол көрмеде қазақ шығармашылығы мен ұлттық тағамдар павильонын ұйымдастыруды ұсынды. «Онда қолданбалы өнер мен қазақ дастарханының ерекшелігі көрсетілсін, қонақүйлерде де, көрменің өзінде де миллиондаған мейманға қымыз бен шұбаттан шөл басуға мүмкіндік беру қажет, олар қазы мен ұлттық сүт өнімдерінің дәмін татып көрсін», — деді ол.

Депутаттың пікірінше, қазірдің өзінде еліміздің әр аймағында қолөнер мен ұлттық тағам шеберлерінің республикалық байқауын өткізу қажет. «Мақсат біреу — көрме кезінде ұлттық тағамдарды ерекше көрнекілікке айналдыру. Бүгінде қымыз бен шұбаттың артықшылығын бағалап жатқан елдер көп: Израиль, Түркия, Канада, АҚШ, Ресей. Бүгінде біз біздің ұлттық тағамдарымызға ерекше ынтызарлық білдіріп отырған елдермен бірлескен шараларды іске асыра аламыз деп ойлаймын. Жергілікті және шетелдік кәсіпкерлерді де жұмылдыру керек», — деді депутат.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/EXPO-2017-kormesnde-turisterge-kazyi-men-kyimyiz-usyinu-kerek—deputat-57709/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі