Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

18 желтоқсан күні Еуропарламент Грузиямен саяси және сауда жөніндегі серіктестік келісімін бекітті.

Бұл келісімнің бекітілуін Кремль жақтырмайды. Мәскеу билігі «ЕО-ның шығыстағы көршілерімен жасасқан мұндай келісімдері Ресей экономикасына кері әсер етеді» деп мәлімдеп келеді.

Страсбургте Еуропарламенттегі дауыс беру рәсімінің алдында сөйлеген Грузия президенті Георгий Маргвелашвили «бұл күннің елі үшін өте маңызды әрі айрықша күн екенін» айтқан.

Келісім күшіне енуі үшін оны ЕО-ға мүше елдердің парламенттері жеке-жеке ратификациялауы тиіс. Маргвелашвилидің айтуынша, 10 елдің парламенті оны мақұлдап үлгерген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141220/330/330.html?id=26753742

Рубрика: