Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдегі сауда-саттықтың көлемі орасан қарқынмен артты. Теория мамандары мұны ең алдымен аймақтану үрдісімен байланыстырады. Яғни ел мен елдің арасында сауда-экономикалық келісімдер жасалып, еркін сауда кеңістіктері мен кедендік одақтары құрылып жатыр. 90-жылдарға таман мұндай аймақтық құрылымдардың саны 80-нен 100-ге дейін жетті. Бүкіләлем­дік банктің болжамынша, әлемдегі сауда-саттықтың жартысынан астамы осындай құрылымдар негізінде жасалады. Әлемде қандай да бір аймақтық сауда құрылымдарының қатарына енуге дайын тұратын елдер бар. Талай жылдық тәжірибеден кейін «сауда-саттық – ел экономикасын дамытудың бірден-бір жолы» деген ұстаныммен бір емес, бірнеше одаққа қатарынан мүше болып отырған елдер бар.

Әлемге ең танымал одақтардың қата­рын­да Еуропалық еркін сауда қауым­дас­тығы, Еуропалық одақ, Солтүстікамери­­калық еркін сауда кеңістігі (НАФТА), Азия­­­лық-Тынық мұхиты аймағындағы эко­но­микалық серіктестік ұйымы. Осындай еркін сауданы көздейтін құрылымдардың қ­атарына енді Кедендік одақ та енді. Қа­зақстан, Ресей, Белоруссия елдерінің ара­сындағы Кедендік одақ пен әлемдегі өзге сау­да-экономикалық кеңістіктермен ұқсас­тығы және айырмашылығы қаншалық? Бір жағынан, бұл да аймақтанудың бір көрінісі болса, екінші жағынан, оның түпкі мақсаты ау­қ­ымды масштабтағы интеграцияны көз­деді. Осы уақытқа дейін Кедендік одаққа енуі мүмкін елдер туралы әртүрлі сыбыстар айтылды. Мәселен Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Вьетнам, Түркия енуі мүмкін еке­ні болжанды. Бұлардың бірқатары шын­дық­тан гөрі, қауесетке көп жақын келеді. Соған қарамастан, оны негізсіз пікір деп тағы айта алмаймыз. Бұл Еуразиялық одақ­тың ареалының кеңеюі келесі кезекте қай елдерден бастап жүзеге асатынын көр­сететіндей. Бір жағынан Еуразиялық одақ белгілі бір елдердің әлемдегі қым-қиғаш талас-тартыстан өз орнын табу үшін құрған құрылымы болса, екінші жағынан сол одақтың өз ішінде де амбициялық тартыс­тар жоқ емес. Ресей Кедендік одақтың келе­сі мүшесі ретінде ең алдымен Украи­на­ны көргісі келеді. Ал Қазақстан үшін өзі­нің бауырлас елдері қымбат. Өткен жылы қазақ­стандық БАҚ-та «Түркия Кедендік одаққа енуі мүмкін» деген тақырыптың кеңінен пікірталасқа ұласып кетуі де – соның көрінісі.

Соңғы кездері «Кедендік одақ бізді суверенитетімізден айырды» деген пікір де айтылып жүр. Алайда біз кез келген одаққа еркін кіріп-шыға алатынымызды да ескеру керек. Көршіні таңдамайды. Жоға­ры­да көрсетілген әлемдік сауда-саттық блок­тарының басым бөлігі кедендік негіз­ден басталған. Қазіргі жағдайда мемлекет саяси одақсыз, нейтралитет жағдайда да  өмір сүре алуы мүмкін. Бірақ экономикалық интеграциясыз күн кешуі қиындау. Әлемде өзін бейтарап ел ретінде танытып отырған Швейцарияның өзі қос бірдей сауда одағына мүше екен.

Мұхитпен шектеспейтін Қазақстанның жағ­дайында сауда-саттық мәселесінде тізе қосатын мүмкіндіктер аз. Қытай мүше болып отырған Азиялық-Тынық мұхиты эко­номикалық одағы біздің жағдайға мүл­де сай келмейді. Аталған одаққа таңдау түсе қалған жағдайда Қытай экспанциясы ту­ра­лы миф Ресейдің экономикалық экс­пан­циясы туралы дақпырттан асып түсер еді. Көп айтылған Орталық Азиялық одақ­тың көлеңкесі де көрінбеді. Орталық Азия­да қуатты бір құрылым бола тұра, Қазақ­стан теріс бұрылып кеткен болса, оның жөні бө­лек. Алдағы уақытта аймақтағы саяси жағ­дай өзгеріп, Орталық Азиялық одақ құрыла қалған жағдайда Қазақстан одан да бас тартпасы белгілі, қосымша блок ретінде қарастыруына толық мүмкіндік бар.

Мәселен қазір Ресей Федерациясы Кеден­дік одақтың қатарында бола тұрып, ДСҰ-ға еніп үлгерді. Біз әлі келіссөз жүр­гізіп жатырмыз. Ал Белоруссияның жақын болашақта енуге мүмкіндігі де жоқ. Соған қарамастан, Кедендік одақ өз жұмысын жал­ғастыра береді. Жоғарыда атап өткені­міздей, әлемде бірнеше сауда-саттық ұйы­мына мүше болып отырған елдер бар. Қазақстан бүгін Еуразиялық одаққа таңдау жасады, ертең келесі бір ұйыммен келісімге келуі мүмкін. Қысқасы, экономика дегені­міз – ағымдағы мәселе. Біздіңше, бұл көп­век­­­тор­лы саяси ұстанымдағы қазақстандық билік­тің де көзқарасына сай келеді. Қайбір жылы Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тұрған кезде «Қа­зақ­стан болашақта Еуроодаққа қосылса, Еуро­одақ Еуразиялық одаққа айналады» деген­ді айтып қалғаны бар еді. Бұл пікірді ре­сейліктер ауыр қабылдағаны түсінікті жайт. Себебі мұнда Қазақстанның басқа да құ­ры­лымдардан бас тартпайтыны қатар­дағы сарапшының емес, ресми шенеуніктің аузынан айтылды. Тіпті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де «елдің Тәуел­сіздігін шектейтін кез келген ұйымнан шығып кете алатынымызды» тілге тиек еткені бар. Бір жағынан көрші елге ескерту ретінде айтылған болар.

Ал Еуразиялық одақтың шынайы бей­несі постпутиндік кезеңде айқындалады. Орыстың империалистік пиғылы мәңгі сақ­талып қала береді деген ой жаңсақ. Постпутин­дік кезеңді былай қойғанда, Путин саясаттың ортасына өзі жетектеп әкеп қосқан Медведевтің өзі жаңаша ойлай­тын адам екенін байқатқан еді. Яғни бо­лашақта оның орнына идеологияның емес, экономиканың адамы келіп жатса, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев көрсеткен экономикалық серіктестік толыққанды жұмыс жасауы әбден мүмкін.

Жарас Ибрашев, тарих ғылымының докторы, ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры:

– Бізде саяси мәселе мен экономикалық мәселені шатастыратын сарапшылар көп. Кедендік одақ дегеніміз – таза экономика­лық мүддені көздейтін мекеме. Ресейге жұ­ты­лып кетеміз деп қорқудың қажеті жоқ. Мы­сал ретінде АҚШ, Мексика, Канада ара­сын­­­дағы кедендік одақты келтірейік. Бұл ел­­дердің арасындағы кедендік талап­тар мен Ресей, Белоруссия, Қазақстан арасын­дағы Кедендік одақтың талаптары арасын­да анау айтқандай айырмашылығы жоқ. Бұл елдердің арасындағы интеграция біз­ден де гөрі тығыз. Бірақ шағын Мексика «АҚШ-қа жұтылып кететін болдық» деп на­ра­зы­лық айтып жатқан жоқ қой. Эконо­ми­ка­ның серіктестік арқылы дамитыны – әлде­қа­шан дәлелденген мәселе. Мемлекет бас­­шысы «Саяси суверенитет талқыға са­л­ын­­байды, Тәуелсіздігімізге көз салатын кез кел­ген ұйымнан шығамыз» дегенді кесіп айт­ты.

Автор: Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

http://alashainasy.kz/politics/40295/

Рубрика: