Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

26112014_13-05-34«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубының қатысушылары бұл жолы «Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуеті: жаңа жаһандық деңгейдегі экономикалық құрылым» атты тақырыпты талқыға салды.

«Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев сөзінің беташарында Еуразиялық экономикалық одақ келісіміне қол қойылғанына бір жыл толғанын тілге тиек етті. «Бурабай жерінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны өтті. Осы жиынның аясында Вьетнам Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттермен еркін сауда жүргізе алатын аймаққа енді. Байқасаңыздар, одақтың толық жұмысқа кіріскеніне жарты жыл да өте қойған жоқ, соған қарамастан өзге елдердің одаққа деген қызығушылығы күн өткен сайын артып келеді», – деді ол.

«Менің білуімше, дәл қазір әлемдегі 40-тан аса мемлекет Еуразиялық одаққа қосылуға ниет білдіріп отыр. Былайша айтқанда, бұл әлемдік тенденция. Бүгін ғана мен ТМД статкомитетінің деректерін сүзгіден өткіздім: егер 1993 жылы мұндай ұйымдардың саны 124-ті құраса, 2014 жылдың 1 қаңтарында 587 ұйымға жеткен», – деді Э.Полетаев.

Ал Қазақстандағы шекаралық әріптестік қауымдастығының өкілі Марат Шибутовтың пікірінше, Вьетнам Еуразиялық одақпен келісімге келуге, әріптес ретінде жұмыс істеуге мүдделі болса, бұл біздің одақтың беделінің айқын көрінісі.

«Бірақ, шыны керек келісімшарттар ұзаққа созылып кетті. Бұл біз Кедендік одаққа кіргелі бері жалғасып келеді. Мынаны түсіну керек, әзір бізбен еркін сауда экономикалық одағына кіруге Түркия, Иран, Израиль құлық танытуда. Бірақ, бұлардың да одақтың экономикалық кеңістігіне кіруін 4-5 жыл күтуіне тура келеді», – деді Шибутов.

Өз кезегінде Қазақ-Неміс университетінің жанындағы халықаралық және аймақтық әріптестік институтының директоры Болат Сұлтанов көптің назарын мына мәселеге аударды. Ол: «Еркін экономикалық аймақтан халыққа қандай пайда? Сайып келгенде, біз алдыңғы орынға қаржылық топтарды емес, керісінше қарапайым қазақстандық азаматтың мүддесін жоғары қоюмыз керек. Меніңше, саясат ешқашан да экономикаға араласпау керек. Дәлірегінде, қысым жасамауы тиіс» деп тәптіштеп түсіндірді.

Иә, Еуразиялық одақ – бұл интеграциялық одақ. Алайда, Борис Кагарлицкий айтқандай, мұндай ұйымдар ең алдымен экспорттаушыларға тиімді. Ал бұған мүмкіндігі жоқ елдерге өз экономикасын қорғаудан басқа амалы жоқ.

Бүгінде біз неолибералды дәстүрлер мен идеялардың ықпалында жүрміз. Яғни, дәл қазір біз үшін жаһандану маңызды. Алайда дағдарыс орын алғанда біз жаһандық әлемге сенім артпаймыз, керісінше ұлттық мемлекетімізге қараймыз. Ал ол өз кезегінде өзінің компаниялары мен әлеуметтік кеңістігін қорғауы тиіс», – деді ол.

«Алмагест» консалтингілік компаниясының директоры Айдархан Құсайыновтың айтуынша, белгілі бір жобаны жүзеге асыру, оның пайда әкелу жағы ұзаққа созылып кетсе, мұның қажеті де шамалы болады. «Ал, ашығын айтсақ, Еуразиялық одақтың тартымды тұстары өте көп. Біздің қатарымызға Түркия, Вьетнам және Иран сияқты мемлекеттер қосылуға ниет танытып отырса, ендеше олар біздің ұйымға сенім білдіреді деген сөз. Иә, бұл келісімдерден пайда мен табыс бір күнде түспесі анық. Бастысы, бұл келісім бар және оның пайда әкелуі тек уақыттың еншісінде» деді өз сөзінде Құсайынов.

Динара Мыңжасар

http://turkystan.kz/

Рубрика: