АЛТЫНОРДА
Новости

Эстонияда парламент сайлауы өтіп жатыр

Соңғы алынған сауалнама мәліметтері бойынша, бүгін Эстонияда өтіп жатқан парламент сайлауында премьер-министр Таави Рыйвастың Реформаторлық партиясы алда келеді.

Оның басты бәсекелесі – Таллинн қаласының мэрі Эдгар Сависаар жетекшілік ететін солшыл бағыттағы центристік партия.

Эстония тұрғындарының 25 пайызға жуығы орыстілділер, бірақ елде ресейшіл бір де бір партия жоқ.

Украинаның шығысындағы қарулы жанжалға байланысты Ресеймен шекаралас Эстония үшін ұлттық қауіпсіздік мәселелері бұл жолғы парламент сайлауындағы негізгі тақырыптардың біріне айналды.

Эстония Еуропа Одағына және НАТО ұйымына мүше ел.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150301/330/330.html?id=26876175