Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

35ddf8a03191a11662d5c199f3dd7915Ертең Қызылордада «Дін және әйел» форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ертең және одан арғы күні Қызылордада «Дін және әйел» облыстық форумы, сондай-ақ ауылдардағы әйел-әкімдердің жұмысына арналған аймақтық семинар өз жұмысын бастайды.

Форум жұмысына ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Гүлшара Әбдіхалықова қатысады. Содан соң Г.Әбдіхалықова Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада көп балалы, патронатты және толық емес отбасылармен кездесу өткізеді.

Ауыл әкімі болып сайланған әйелдерге арналған семинар жұмысына ҚР Парламентінің депутаты Айгүл Соловьева қатысады деп күтілуде.

Осы іс-шаралар аясында делегаттардың Нағи Ілиясов атындағы ауылға сапары жоспарланып отыр.

 

http://bnews.kz/kk/

Рубрика: