Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

rtАстана. 29 тамыз. Baq.kz – Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болады. Бірнеше облыста жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей облыстарда жылдамдығы секундына 18 метр жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстік аймақтарында күн суытады. Тек Батыс өңірлерде күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.

Павлодар облысының кей аудандарында жел жылдамдығы 18 м/с дейін жетеді. Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы Жамбыл облыстарында жел жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысында дауыл тұрып, шаң көтеріледі. Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын тұман басады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей аудандарында өрт шығу қаупі бар. Алматыда бүгін және демалыс күндері күн бұлтсыз, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы + 33, +34 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер Астанада ауа температурасы +12 градусқа дейін төмендейді, демалыс күндері бұлтты және жауын-шашынды болады.

Ғабит ҚАРАБАЙ

Рубрика: