Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 25 ақпан. Baq.kz — Иранның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық делдал «алтылықтың» Тегеранмен келіссөздерінің кезекті раунды ертең Алматыда басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«26-ақпанда Алматы қаласында Иран ядролық бағдарламасы бойынша «алтылықтың» келіссөздері басталады. Бұл келіссөздерге БҰҰ қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты бес мемлекетi – Ресей, Қытай, АҚШ, Франция мен Ұлыбритания, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы, Германия және Еуропалық одақ өкiлдерi қатысады. Бiз келiссөздерге қатысты барлық дайындық шараларын толығымен аяқтадық. Осы жиында өзара тиiмдi уағдаластыққа қол жеткiзiледi деп үміттенеміз», — деді А.Әбибуллаев.

2012 жылы Тегеран мен құрамына Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Германия кіретін «алтылық» Стамбұлда (14 сәуір), Бағдатта (23-24 мамыр) және Мәскеуде (18-19 маусым) келіссөздердің үш кезеңі өткен болатын. Бұл кездесулердің ешқайсысы да оңды нәтиже көрсеткен жоқ. Бұған дейін «алтылық» пен Иранның келіссөздері жылдан астам уақыт жүргізілмеген болатын.
АҚШ пен Батыс елдері және Израиль Иран уранды бейбіт мақсатта өндіруді желеу етіп ядролық қару даярлап жатыр деп күдіктенуде. Тегеран оның атам бағдарламасы елдің электр қуатына тапшылығын қанағаттандыру үшін бағытталған деп мәлімдеуде.
http://baq.kz/news/23780

Рубрика: