Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

serik_maiemerov“Тревел фото” – саяхаттағы фото

“Тревел фото” – саяхат сәттерiндегi, қалалардың жалпы көрiнiстерi, ерекше ғимараттар, мәдени кешендер, тарихи ескерткiштер және де әсем сұлу табиғаттардың, жануарлардың, ерекше ұлттық салт-дәстүрлердi фотоға түсiру амалдарын түсiндiру, көрсету. Фотогра­фия­ның пейзаж, архитектуралық және де басқа жанрларын сәттi пайдалану.
Мұнайшылар қаласынан ұшақпен Шанхай шаһарына ұшып келгенiмiзде, қазақстандық журналистер архитектуралық ансамбль құраған ғимараттар мен тұрғын үйлерге таңдай қақты. Шанхай қаласының, оның iшiнде ғажайып Пудун ауданының көк тiреген сәулеттi үйлерi мен ғимараттарын сәулет өнерiнiң шоқ жұл­дыздары деп атаса да болғандай.
Хуанпу өзенiнiң үстiнде, Янцзы өзенiнiң құйылысында орналасқан Шанхай – 23 мил­лион халқы бар, Қытайдың iрi жә­не дүниежүзiнiң үлкен қалаларының бiрi. Онда өзен және теңiз порты, iрi темiр жол торабы бар. Қытайдың өнеркә­сiп­тiк-қаржы орталығы.
Арман қа­ла Шанхай Гонконгқа ұқ­сайды. Ту­ристiк қала ретiнде танымал Азиядағы iрi мегаполис әдемi қо­нақүй­лерiмен, мейрамханаларымен, ка­феле­рi­мен және көңiл көтеру орындарымен таң­ғалды­рады.
Кешке туристiк кемемен өзенде жү­зiп, ертегiдегi­дей қа­ланың түнгi көрiнiс­терiнен көз айыра алмадық. Кеме үс­тiнде зәу­лiм үйлер­дiң көгiлдiр экрандары мен нұрлы шамдарының жарығы өзiне тартып баурайды.
Қытайдың қарыштап дамыған провинциялары мен тарихи орындарын аралап шыққаннан кейiн Бейжiң қаласына жүрдек пойызбен қайтып оралдық, сағатына 350 шақырым алатын жүрдек пойыз 1300 шақырым қашықтықтағы Бейжiңге бес сағаттың iшiнде жеткiздi.
Бейжiң қаласында аспан асты елiнiң атақты “Ұлы қабыр­ға” қорғанында болып, оның тарихымен таныстық. Қорғанның басына баспалдақпен шығып, ес­керт­кiш суретке түстiк.
Бiзге, маңғыстаулық журналистерге Қытайдың қалалары мен тарихи орындары естен кетпестей әсер қалдырды. Аулымызға қайтар алдында өркениеттi ел болып, таңғажайып шаһарлар тұрғызған аспан асты елiмен, жаңа достарымызбен қимай қоштастық.
Серiк Майемеров.
Суреттердi түсiрген автор.

Рубрика: