Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Танымал қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсынов «Кемпір» жаңа картинасының түсіру жұмыстарын аяқтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автор картинаның есті әрі мейірімді қалжыңға толы болатынын айтты. Ал жалпы сюжетті режиссер құпияда ұстап отыр. «Жұрттың қызығушылығын оятқым келеді, жұрттың бәрі киноға арнайы барып, көңіл көтеріп қайтқанын қалаймын. Кино ел аузындағы әзіл-қалжыңға негізделген, әзіл-оспағы табиғаты жағынан «Махаббат және кептерлер» фильміне ұқсас, бірақ қазақша. Әзілі бәріне ортақ, жастар да, қарттар да күліп қайта алады. Орынсыз әзіл немесе анайы, әдепсіз көріністер жоқ, мейірімді комедия», — дейді Тұрсынов.

«Кемпір» картинасы кинотеатрлардан Наурыз мейрамында көрсетіле бастайды деп күтілуде. Басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қадырбек Демесін және Ғазиза Әбдінабиева сомдаған. Түсірілімге, сондай-ақ, Асанәлі Әшімов те қатысқан. «Мұны не үшін жасап жатырмын? Қазір жұрттың жағдайы мәз емес. Ал бұл ісім – адамдарды біраз демеп, көңіл-күйлерін көтеруге деген талпыныс. Сонымен қатар, 22 наурыз мерекесіне тарту», — деді режиссер.

Айта кетейік, «Кемпір» фильмінің түсірілімі 2013 жылдың жаз-күз мезгілінде Алматы қаласы және Алматы облысында жүргізілді. Бұған дейін фильмнің «Қалай болды? Немесе қазақша форс-мажор» деген атпен ұсынылады деп жоспарланғандығын да айта кетейік.

 

http://massaget.kz/madeniet/kino/17312

Рубрика: