Нәзік жандардың 80%-ы жаңадан танысқан ер-азаматтың көзіне макияжсыз көрініп қалмауға бір ай бойы бас қатырады. Ағылшын психологтері боянып-сыланудың қыз-келіншектердің ерлермен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін зерттеп шықты.
Зерттеудің қорытындысы бойынша, қыздардың 17%-ына сүйген адамына боянбаған күйде көріну үшін таныстықтан соң кемінде екі ай уақыт керек екені анықталды. Ал зерттеуге қатысқан қыз-келіншектердің 16%-ы еркекке шынайы түрін жарты жылдан соң ғана көрсете алатынын айтты. 8%-ы бір жыл бойы ойланып жүріп алатын болып шықты, қыздардың енді 3%-ы ешқашан ер-азаматына боянбаған күйде көрінбеуге бекініп отыр. Респондент-келіншектердің үштен бірі түрін ретке келтіру үшін таңертең күйеуінен бұрын тұруға мәжбүр. Сауалнамаға қатысқандардың 58%-ы макияждың арқасында ғана әдемі болатынын мойындаған, ал 28%-ы өздерін әдемі санамайтынын айтқан.
http://alashainasy.kz/world/41163/