Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының жетекшісі Рамазан Есіргепов бүгін ADAM bol журналының редакциясында осы басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваны қолдап аштық акциясына қосылған. Бұл жайында Азаттыққа Гүлжан Ерғалиеваны қолдау штабының өкілі құқыққорғаушы Розлана Таукина хабарлады.

«Рамазан Есіргепов билікке Гүлжан Ерғалиева қойып отырған талаптардың орындалуын талап етеді» деді ол.

Таукина бұған қоса Гүлжан Ерғалиеваның аштық жариялап жатқанына бүгін сегізінші күн болғанын айтып, «кейде қан қысымы төмендеп, жүрек соғысы жиілеп кететіндігіне» алаңдап отырғандарын жеткізді.

Гүлжан Ерғалиева қаңтардың 19-ында өзі басқаратын ADAM bol журналына қатысты «сот заңсыздығы мен қысымға» наразылық білдіріп, аштық жариялаған. Ол «соғысты насихаттау белгілер бар» деген негізбен өткен айда журналды жабу туралы шыққан сот шешімін өзгертуді, басылымға салынған айыппұл көлемін азайтуды, редакцияны тінтуге қатысқан сот орындаушыларының әрекетін тексеруді талап еткен. Құқық қорғаушылар «басылымды жабудың саяси астары бар» деп санайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26813229

Рубрика: