Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 8 сәуір. Baq.kz – Қазақстандық ер азаматтардың 30%-нан астамы белсіздіктің түр-түріне шалдыққан. Бұл туралы Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған баспасөз маслихатында Урология ғылыми орталығы жетекшісінің орынбасары Ілияс Мұхамеджан мәлім етті.

«Ерте патологияларды анықтау мақсатында бірнеше бағдарлама жүргізілген болатын. Бұл шараның барысында 20 мыңнан астам ер азамат тексеруден өтті. Оның 56%-на «эректилді дисфункция» деген диагноз қойылған. Бірақ, бұл жаппай проблема деп айтуға болмайды. Өйткені, белсіздіктің, эрекция әлсіздігінің бірнеше деңгейі болады», — деді Ільяс Мұхамеджан.

Сондай-ақ, маман тексеруден өткен ер азаматтардың 30%-дан астамы бүгінде белсіздіктің түр түрімен ауыратынын атап өтті.
«15% да артериалды гипертония бар, 72% қант диабетіне шалдыққан.Сонымен қатар, 458 бала тексеріліп, олардың 90,3%-да патологиялар анықталды. Олар: туа бітті сырқаттарынан бастап жүре келе қабыну процестерінен болған аурулар», — деді уролог маман.

Айта кетейік, Қазақстанда әрбір бесінші еркек белсіздікке шалынған. Оның үстіне, ерлер әйелдерге қарағанда 12 жыл қысқа өмір сүреді. Әрбір екінші еркекте простатит белгілері бар. Оған қоршаған ортаның, жеген тамақтың, ішкен арақ-шараптың және тынымсыз жүрістердің әсері бар дейді дәрігерлер. Сондықтан, еліміздің өңірлерінде бүгінде ерлердің денсаулық орталықтары жұмыс істеп келеді.

http://baq.kz/kk/news/45546

Рубрика: