Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Еуропа Одағының туы. (Көрнекі сурет).Еуропа Одағы (ЕО) Украина дағдарысына байланысты Ресейге жаңа санкциялар салмай қоя тұрмақ. ЕО бұл шешімін аймақтағы жағдайдың әзірге «екіұшты болып тұрғанымен» түсіндіреді.

ЕО-ға мүше 28 мемлекеттің елшілері санкция салу мәселесін 1 шілде күні Брюссельде талқылады. Бірақ еуропалық кейбір дипломаттардың сөзінше, ЕО елдері «санкциялар салуға дайындықты» жеделдетуге келіскен.

Дипломатттардың бірі «7 шілде күні елшілердің тағы кездесетінін» айтқан. Кейбір деректер бойынша, сарапшылар жекелеген азаматтар мен компанияларға қарсы «жаңа санкциялар пакетін» даярлап жатыр.

27 маусым күні ЕО басшылары Ресейге Украинаға қатысты саясатын өзгертуге үш күн мерзім беріп, талап орындалмаған жағдайда санкцияларды қатаңдататынын ескерткен.

Бұған дейін ЕО Ресей мен Украинаның 60 азаматына және Қырымдағы екі энергетикалық компанияға қарсы санкция салып, олардың активтерін бұғаулап, виза беруге тыйым салған.

 http://www.azattyq.org/content/news/25442324.html

Рубрика: