Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 16 сәуір. BAQ.KZ – Ертең С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Наурыз мейрамына арналған іс-шара өтеді. Мерекеге орай жерге орналастыру факультетінің студенттері арнайы дайындаған «Ең үлкен сәукеле» жобасының таныстырылымы болады.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 57 жылдық тарихынан сыр шерткен сәукеленің ені 5 метр 70 см. Ал маңдай тұсы Қазақстандағы ынтымағы жарасқан 140 ұлт өкілдерінің береке-бірлігін сипаттайтын 140 маржан моншақтармен безендірілген. Сәукеле 19 ұлттық ою-өрнекпен қамтылған, бұл сан алуан ұлт пен ұлыстың басын бір жерге шоғырландырған Қазақстан халқы Ассамблеясының (1995 ж.) 19 жылдық қызметін білдіреді. Бетмоншақтағы әшекейлердің 22 санын құрауы шетелдегі қандастарымызбен жұмыс жүргізіп отырған Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының еңбек жолынан сыр шертеді.
Елімізде Наурыз мейрамы ағымдағы жылы 26-шы рет тойлануда, осыған орай сәукеле 26 әшекей тастармен өрнектеліп, Астана қаласының 16 жылдығына сәйкес 16 түрлі ұлттық нақыштармен көзмоншақтармен айшықталған. Жобаны дайындаушылар, жерге орналастыру факультетінің ұстаздары мен студенттері сәукелені 20 күнде жасады.

http://baq.kz/kk/news/45938

Рубрика: