АЛТЫНОРДА
Новости

ЕҢ ҚЫМБАТ МЕЙРАМХАНА АШЫЛАДЫ

18 мамыр күні Ибица шипажайындағы демалушыларға әлемдегі ең қымбат мейрамханадан түскі ас ішу мүмкіншілігі ұсынылады. 

Дәл осы күні Hard Rock Hotel қонақ үйі Sublimotion жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Аталған жобаға сәйкес, 20 тағамнан тұратын түскі асты ішу үшін бір адам 2100 доллар төлеуі тиіс.
Мейрамхананың ас мәзірі әзірше құпия ұсталуда. Дегенмен, мейрамхананың бас аспазы Пако Рончеро саяхатшылардың бәрі естен кетпестей әсер алатынына уәде беріп отыр.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, орын саны шектеулі Sublimotion-да бір кеште тек 12 ғана адам ауқаттана алады.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/48991