Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін сіздердің назарларыңызға аквариумге қарасты әлемнің түкпір-түкпіріндегі қызықты әрі қызғылықты жобаларды таныстырмақпыз.

 

Аквариум-телефон будкасы

Аталған телефон будкасы 2007 жылы Лионда (Франция) өткен «Гүлдер мейрамы» қарсаңында аквариумға айналған.

Ең кішкентай аквариум

Осы бір аквариумге бар-жоғы екі-ақ қасық су сияды. Көлемі — 30х24х14 миллиметр. Қожайыны бүгінгі таңда «данио-рерио» атты кішкентай балықтарды өсіріп отыр.

Аквариум-танцпол

Билеу алаңы түгелдей дерлік толық бір резервуарды құрайды. Су асты кереметінен тұратын Остин (Техас) қаласындағы барды көру екінің бірінің маңдайына жазылмаған.

Аквариум –  iMac

«Apple» фирмасының фанаттарына арналып жасалған арнайы аквариумдер.

 «Жер-жаһанға саяхаттау» аквариумы

Саяхатты жақсы көрер адам болсаңыз, онда иелігіңіздегі балықтардың жердің арғы шеті мен бергі шетіне жүзіп жүргені ғанибет емес пе?!

 

Аквариум-лабиринт

Аквариум- төсек

Ғалымдардың зерттеуінше, су тіршілік иелеріне ұйықтар алдында қарап жату өте-мөте пайдалы болып шыққан.

Аквариум-автобус аялдамасы

Бразилияда автобус күтіп тұру соншалықты іш пыстырып жібермейді.

Мұздатылған аквариум

Көзге оғаш көрінетін мұздатылған аквариум Жапонияның солтүстігіндегі Кесеннума портында орналасқан. Үлкен қалып ішінде сегізаяқтар мен теңіз шаяндары, сонымен қатар әртүрлі балық түрлері мұздатылған. Аквариум ішінің температурасы үнемі — 20 градустан төмен түспейді.

Аквариум-құбыр

Күндердің бір күні шағын кафенің иесі керемет дизайнерлік шешімге келген.

Аквариум-журналды стлик.

Аквариум-кроссовка

Атақты брендтің жылдық мейрамына арналған «Nike78» шығармашылық жобасы аясында жасалған алтын балықтарға толы кроссовка.

Аквариум-бақалшық

Көбіне қонақ бөлмеге  қойылады. Неге болмасқа?

сурет:io9.com; skuky.net 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz

Рубрика: