Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ПлавкаКеше Қарағанды облысының Теміртау қаласында Астананың бой көтеруі мен дамуындағы Қарағанды облысының рөлі» атты форум болып өтті. Аталған жиында облыстың бір топ тұрғындары марапатқа ие болды.

Жиында сөз алған облыс әкімі Бауыржан Әбдішев форумның Теміртауда өткізілуінің кезейсоқтық емес екенін тоқталды.

— Теміртаудағы Қарағанды металлургиялық комбинатында еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек жолын бастаған. Осы қалада шыңдалып, тұлға ретінде қалыптасқан. Сондықтан да жиынды осы жерде өткізгенді жөн көрдік. Сонымен қатар форумды бүгін өткізу де кездейсоқ емес. Дәл осы күндері 1960 жылы Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен Қазаұстанның тұңғыш шойыны алынып, содан бастап бұл дата тек Қазақстан Магниткасының ғана емес, республикадағы қара металлургияның туған күні саналады,-деді аймақ басшысы.

Ия, қарағандылықтар Сарыарқа төсіндегі жаңа астананың сәулетін асыруға белсене үлес қосты. Атап айтқанда қарағандылықтар ел Президентінің резиденциясы – «Ақорданы»,  «Бәйтерек», Мұз сарайы, «Қазақ елі» стеласы, Оқушылар сарайы секілді нысандарды тұрғызу жұмысына қатысты.

Астананың 10 жылдығында қарағандылықтар тарту еткен бірегей субұрқақ бүгінде цирктің көркіне көрік қосып тұрғанын айта кеткен жөн.

Қарағанды Астананы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілердің арасында айрықша орны алады. Тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізіп жатқан қарағандылық кәсіпорындар бір төбе.

Біраз жыл бұрын Мемлекет басшысы елорданың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру мәселесін тапсырғаны белгілі. Бүгінде Қарағанды облысы бұл шаруаны да жолға қойып, жыл сайын Астана халқын бағасы қолжетімді азық-түлікпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз етіп келеді.

Қарағандының елорда дамуына қосқан осындай үлесі туралы форумға қатысушыларға көрсетілген деректі фильмде кеңінен сөз болды. Сонымен қатар форум қонақтары Президенттің жастық шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін тамашалады.

Осы жиында балалар үйлерінің 50 түлегіне облыс әкімінің білім гранты табысталды.

— Бүгінгідей ұлы істер тындырып отырған аға буыннан үлгі алып өскен олар оқуын тәмамдап, білікті маман болып шыққан соң осынау сәулетті астанамыздың дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдімін, — деді Бауыржан Түйтеұлы.

Он бес жыл ішінде Астанаға 5 жарым мыңдай қарағандылық қоныс аударған көрінеді. Олар бүгінде басшылық қызметтен бастап, қатардағы еңбек адамы ретінде түрлі саланың пұшпағынан ұстап, әсем қаланың дамуына үлес қосуда. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінде, қазірде елорданың білім беру мекемелерінде мыңнан астам, медицина саласында 200-ден астам қарағандылық еңбек етуде. 100-ден астам қарағандылық спортшы дүбірлі додаларда Астана намысы үшін сынға түсіп жүр.

Алқалы жиын Астана құрылысына үлес қосушыларға облыс әкімінің алғыс хатын табыстау рәсімімен қорытындыланды.

Олардың арасында еңбек ардагері, құрылысшы Тілеубек Едігин, тас қалаушы Мейрам Елеусізов, Қарағанды металлқұрастыру зауытының бұрынғы директоры Марат Жахин, мүсіншілер Анатолий Билык пен Мұрат Қалқабаев т.б. бар.

Қ.Жұмағалиұлы

Қарағанды

 

 

 

 

 

 

Рубрика: