Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 18 наурыз. Baq.kz — Жамбыл облысының Жамбыл ауданында, сондай-ақ Алматы облысының Ақсу және Сарқан аудандарында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты аудандық форумдар өтті, деп хабарлады «Назарбаев орталығының» баспасөз қызметінен.

 

Жамбыл ауданындағы форумға мемлекеттік орган өкілдері, қоғам және саясат қайраткерлері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, ауыл жастары, Отанға деген патриотизмді өмірінің мақсаты тұтқан тұлғалар жиналды.

«Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің табысты дамуының кепілі өз тағдырын жасаған, сол арқылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығымен жаңа Қазақстанды құруға ат салысқан Қазақстан азаматтарының бірлігі болды. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» республикалық форумының аясындағы шаралар бүгінгі таңда еліміздің барлық аймағында өткізіліп жатыр, өз елінің батырларын тануы керек қой!» – деп атап көрсетті Жамбыл ауданының әкімі Нұржан Календаров жиналған қауымның алдында сөйлеген сөзінде.

 

Алматы облысындағы іс-шараға жиналған қауым өңірдің бүгінгі айтулы тұлғаларының қатарынан көрінген облыс мәслихатының депутаты, Новопокровск орта мектебінің директоры Жамал Құлахметова, «Екі қара» және «Сұлтан» шаруа қожалықтарының директорлары Қаділбек Жакеев пен Нұрболат Көлдейбаев, «Жайлау» шаруа қожалығының іс жүргізушісі Елубек Мәдиев, «Ұлағат» қоғамдық қорының жетекшісі Заман Төлеуов және №14 лицей мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Өмірбекова сынды азаматтарды зор қошеметпен қарсы алды.

 

Естеріңізге сала кетейік, өңірлік форумдар екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.

 

http://baq.kz/news/24971

Рубрика: