АЛТЫНОРДА
Новости

Елімізде жаңа сайт жұмысын бастады

АСТАНА. 29 қаңтар. BAQ.KZ – Еліміздің интернет кеңістігі жаңа ақпараттық сайтпен толықты. Жуырда қызметін тоқтатқан «Дала мен Қала» газетіндегі «Мәңгілік Ел» атты қосымшасы өз алдына ақпараттық сайт болып ашылды.

«Бұл Мемлекет Басшысының биылғы Жолдауы жарияланғанға дейін-ақ қолға алынған жоба еді. Есіңізге салсақ, жабылып қалған «Дала мен Қала» газетінде «Мәңгілік Ел» атты қосымша шығып тұрған болатын. Бұл жоба –сол ұжымдық жұмыстың интернеттегі нұқсасы, заңды жалғасы! Біз мемлекетке қызмет етеміз! Біз осы елдің баласымыз. «Қазақтың Досымыз…» деп кеуде қаққымыз да келмейді. Достықтың өз заңы бар… Біз ұлтқа БАЛА болуды, бауырмал болуды аңсаймыз! Баладай сүюді, аялауды, қамқор болуды ойлаймыз. Әрі осындай жауап күтеміз», — деді «КМ Медиа» тобының жетекшісі Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ.
Айта кетейік, ақпараттық сайт mangilikel.kz мекен жайы арқылы қолжетімді. Сайт алдағы уақытта ақпараттық және танымдық бағыттағы тың дүниелермен толыға түсетін болады.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

http://baq.kz/kk