Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 3 маусым. BAQ.KZ – Қазақстанда қызылша жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда биыл соңғы төрт айда 2,5 есеге көбейген. ҚР тұтынушылар құқын қорғау агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін 140 адам қызылшамен ауырған.

— 2013 жылы Қазақстанда қызылша ауруының 55 дерегі зертханалық тексерулер нәтижесінде нақтыланған болса, биыл соңғы төрт айдың ішінде бұл көрсеткіш 140 жағдайға көбейіп тұр, — деді ведомствадағылар.

 

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт ай ішінде қызылша жұқтырғандардың орташа жасы 15-29 жас аралығын құрапты. Олар барлық ауырған науқастардың 60 пайызын қамтиды. Ал 12-сі әлі екпе салынбаған, бір жасқа дейінгі нәрестелер көрінеді. Жүргізген есеп бойынша сырқаттанғандардың 66 пайызы мүлдем екпе егілмегендер мен қызылшаға қарсы вакцинацияланғанын растайтын құжаты жоқтары болып отыр.

 

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңес беруімен қалыптасқан жағдайға байланысты алғашқы екпені адам өмірінің 12-15 айлығында емес, одан ертерек сәбидің 9 айлығында жасауды ұйғардық. Бұйрық әзірге республиканың 8 аймағына — Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астанаға қатысты, — деп толықтырды агенттік қызметкерлері.

 

http://baq.kz/kk/news/48121

Рубрика: