Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 20 мамыр. Baq.kz – Статистика агенттігі Қазақстандағы ана атанатын қыздардың орташа жасын анықтады, — деп хабарлайды Қазақпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, 2013 жылда Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бала туғандағы әйелдің орта жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, осы көрсеткіш Алматы қаласында 28,9 жасты, Астана қаласында 28,4, Қызылорда облысында 27,9, Шығыс Қазақстан облысында 27,8 жасты құрады.

Былтыр Қазақстан Республикасында 387 227 жаңа туылған сәби АХАТ органдарында тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде — 209 004 адам, ауылдық жерлерде — 178 223 адам. Туылған ер балалардың саны 199 880 (51,6%), қыз балалар — 187 347 (48,4%) құрады, туылған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 106,7 ер баланы құрады.

Қазақстан өңірлері бойынша 1 000 тұрғынға шаққандағы туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау — 31,71, Оңтүстік Қазақстан — 29,59, Атырау — 28,60 облыстарында болды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан — 14,82, Қостанай — 14,79 және Шығыс Қазақстан — 16,43 облыстарында байқалды.

2013 жылы 2003 жылмен салыстырғанда туылғандар саны 56,2%-ға (ер балалар — 56,6%-ға, қыз балалар — 55,7%-ға), қалалық мекендерде — 50,7%-ға, ауылдық жерлерде — 63,1% артты.

 

http://baq.kz/kk/news/47424

Рубрика: