Мырзан КЕНЖЕБАЙ: Бiраз жыл бұрын Ресейдiң радиоактивтi қалдықтарын бiр вагонға салып, Болгарияның суына апара жатқанда қарапайым халық естiп қалып, сол жерде қантөгiс жасады. Бiздiң билiк басындағылар атом электр стансасының зияны жоқ деп үлкен қылмыс жасап отыр. Ендi Ресейдiң қалдықтарын әкелiп, көмiп жатыр. Егер зияны жоқ болса, Ресей өз жерiне неге көмбейдi? Ресейдiң адам баласы баспайтын ормандары көп, сонда көмсiн. Келiсiне, грамына ақша төлеймiз дейдi. Ол ақшаның қайда кететiнi тағы белгiсiз. Болмаса, мұның зияны жоқ дейтiн шенеунiктер өз үйiнiң қасына көмсiн. Жалпы, уран өндiрген жердiң өзi жарамсыз, бүлiнген болып есептеледi. Кезiнде “Қазатомөнеркәсiптегiлер” “Шиелiде уранды залалсыздандырып өндiрiп жатырмыз”, — дедi. Ел-жұртты солай сендiрдi. Ал бүкiл дүниежүзiнiң ғалымдары оның залалын жою мүмкiн емес дейдi. Екi-үш жыл бұрын мен Қызылордаға бардым. Қаладан ары қарай Қазалыға дейiн әкiмшiлiктiң көлiгiмен бардым. Түнде шаршадық. Байқоңыр жарқырап көрiнiп тұр. Жүргiзушi жiгiтке осында тынығып алуды айтып: “Бұл жерде жылан, шаян жоқ па?” – деп сұрап едiм, ол күлiп: “Аға, бұл жерден олар әлдеқашан қашып кеткен, тек қазақтар ғана қалды”, — деген едi.
Рубрика: Новости