Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Шанхай. 20 мамыр. Baq.kz — Кездесу барысында авиация өнеркәсібі мен логистикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі аспектілерін де қарастырды деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев бұл корпорация Қазақстанда жұмыс істеуге қызығушылық білдіріп отырған ірі авиациялық кәсіпорындардың бірі екенін және оның келуі маңызды инвестициялық жобаға айналуы мүмкіндігін атап өтті.

– Біздің ел жолаушыларға және ауыл шаруашылығына арналған шағын авиацияға мүдделі. Сіздердің бұл салада үлкен тәжірибелеріңіз бар, сондықтан біз өздеріңізді ынтымақтастыққа шақырамыз. Мұндай инвестицияларға біз инфрақұрылым жағынан көмек көрсетеміз, бизнесті алғашқы жылы салықтан босату арқылы ерекше преференциялар жасаймыз. Сонымен қатар, сіздер тиісті кәсіби кадрларды даярлайды деп үміт артамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қытайдың «AVIC» авиациялық өнеркәсіп корпорациясы кең ауқымда авиациялық өнім өндірумен айналысады және әлемнің 30-дан астам еліне экспорттайды. Корпорация сондай-ақ «Boeing», «Airbus», «GE», «Rolls Royce» секілді әлемдік авиақұрастыру өндірісі көшбасшыларын авиациялық қосалқы бөлшектермен, двигательдермен және борт жабдықтарымен қамтамасыз етеді.

Корпорация құрылымына 200-ден астам түрлі кәсіпорындар мен ғылыми-техникалық мекемелер кіреді, ал қызметкерлерінің жалпы саны 500 мың адамнан асады.

http://baq.kz/kk/news/47402

Рубрика: