Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ЕҚЫҰ Украинаның шығысындағы миссиясының мандатын тағы бір жылға — 2016 жылдың наурыз айының соңына дейін дейін ұзартты. ЕҚЫҰ баспасөз хатшысы Мерсих Подичтің мәлімдеуінше, ұйымға мүше елдер миссия мандатын ұзартуды 12 наурыз күні қолдаған. Оның сөзіне қарағанда, «жағдайға қарай» арнайы миссия сарапшыларының саны мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Өткен жылдың сәуірінен бері жалғасып келе жатқан Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 6 мыңнан асқан.

ЕҚЫҰ 12 ақпан күні жасалған бітімнің орындалуын бақылау үшін аймаққа 470 бақылаушы жіберген. 15 ақпан күні күшіне енген бейбіт келісім әскери іс-қимылдардың біраз толастауына және екі тараптың да қақтығыс аймақтарынан ауыр қару-жарақтарын әкетуіне ықпал еткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150313/330/330.html?id=26898565

Рубрика: