Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстанның Премьер-министрі Серік Ахметов ресми жұмыс сапары ауқымында Киевте өзінің украиндық әріптесі Николай Азаровпен кездесті.

Шағын құрамдағы келіссөздер ба­рысында тараптар екіжақты және көп­жақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.  Серік Ахметов қазақстандық делега­цияның Киевке келуінің маңыздылығын атап көрсете отырып, «бұл сапардың екі елдің игілігі жолындағы екіжақты ынты­мақтастықты одан әрі нығайтуға қосымша серпін беретініне» сенім білдірді. Украина премьері Н.Азаров өз кезегінде екі ел ара­сындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады және қатынастардың барлық қыры бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуды ұсынды. Атап өтер болсақ, қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда айналымы 5,5 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға ұлғайды.

–Біз жақында мемлекеттеріміздің дипломатиялық қатынастары орнатыл­ғанына 20 жыл толуын атап өттік. Көріп отырсыздар, уақыт зырылдап өтіп жатыр, 20 жыл өтті, дегенмен Қазақстан мен Украина таңдаған бағыт тұрақтылықты сақтап қалды, – деп атап көрсетті С.Ах­метов.
Сонымен бірге Премьер-министр Се­рік Ахметов «Қазақстан Украинамен қа­л­ыптасқан достық қатынастарын шынайы қадірлейді және бұл ел – Қазақстанның маңызды сауда және саяси әріптестерінің бірі» деп атап өтті. Қазақ премьері «біздің мемлекеттеріміздің басшылары дең­гейіндегі сындарлы диалог пен нақты уағдаластықтардың арқасында елдеріміз өзара тиімді қатынастарда үлкен табыстар­ға жеткенін айтты.
«Біз Украина мен Қазақстан арасын­дағы дәстүрлі достық қатынастарды әрқа­шан да біздің екі халықтың іргелі қаты­настары ретінде қарастырамыз». Бұл ту­ралы Украина премьер-министрі Нико­лай Азаров қазақстандық делегациямен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер ба­рысында айтты.

– Жыл өткен сайын экономикалық қатынастар нығаюда, тауар айналымы өсіп келеді, бизнес, ғылым, мәдениет және білім салаларындағы байланыстар жанда­на түсуде. Біздің елдерімізді ортақ тарихы­мыз бен экономикалық міндеттер бай­ла­ныстырады. Қазір де өз құқықтарымызды жаңартумен айналысудамыз және жа­һандық экономикалық қауіптерге бірлесе жауап табамыз, – деп атап көрсетті Ни­колай Азаров. Азаровтың пікірінше, Қазақстан мен Украина арасында авиация-ғарыш, энер­гетика, көлік, ауыл шаруашылығы және ғылыми-техникалық салаларда ынты­мақтастықтың зор әлеуеті бар. Сапар қорытындысында Қазақстан Премьер-министрі Серік Ахметов пен Украина үкіметінің басшысы Николай Азаров Қазақстан мен Украина арасын­дағы іс-қимыл жоспарына (2013-2014 жыл­дарға арналған 4-Жол картасы) қол қойды.Бұдан басқа Білім және ғылым министрлігі мен Украина ғылым, инно­вациялар және ақпараттандыру мә­селелері бойынша Мемлекеттік агенттігі арасында 2013 – 2017 жылдарға арналған ынты­мақ­тастық бағдарлама­сына қол жет­кізілді.

Өз тілшімізден

http://www.aikyn.kz

Рубрика: