Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

781050ef0c10b5a9734755209f59e8db (1)Экс-банкир Дархан Ботабаевтың «Эйр Астана» АҚ-ның қызметкерінен қол жұмсағаны үшін кешірім сұрағанына қарамастан, қалалық ІІД-де оған қатысты қозғалған іс әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Болтаев мәлімдеді.
Алматы қаласы ІІД-ның құқық қорғау органдарына «Эйр Астана» АҚ-ның қызметкері Нұркенжегүл Байғазиева заңгермен бірге келді. Одан тергеушілер жауап алды. «Ол Дархан Ботабаевқа моральдық және материалдық шығынды қосқанда, ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. Алайда істі тоқтату туралы өтініш жазбаған. Дархан Ботабаевқа қатысты іс ҚР ҚК 1 тармағы 251 бабы бойынша жалғасып жатыр. Ботабаевтың өзі біздің бірнеше рет шақырғанымызға қарамастан, тергеуге келген жоқ. Істі тоқтату үшін, жәбірленуші мен айыпталушыны бетпе-бет кездестіру қажет. Сол кездесуде айыпталушы өз кінәсін мойындап, ал жәбірленуші екінші қайтара өтініш жазу керек. Содан кейін қылмыстық іс тоқтатылады»,- деді Е.Ботабаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Алматы қаласы ІІД-ға бұл іспен айналысатын полицейлер болған оқиғаның куәгерлерін – кассир мен күзетшіні шақырды. «Бірақ олар да жұмыстан қолымыз босамайды деген сылтау айтып, тергеуге келмеді», — деп толықтырды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы.
BNews.kz «www.bnews.kz».

Рубрика: