Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 25 ақпан. Baq.kz-Бүгін ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков үстіміздегі жылы еліміз бойынша егістік алқаптары 21,3 млн.га болады деп мәлім етті.

 

Оның ішінде дәнді дақылдар егілетін алқап 15,9 млн.га, мұның 13,1 млн.гектарына бидай себілмекші. Сондай-ақ, күріш (6,0 мың га), жүгері (5 мың га) және басқа да дақылдар (22 мың га) егіледі. Майлы дақылдардан картоп 1,8 млн.га, мақта 148 мың.га, өкөніс және бақша дақылдары 393 мың.га, азықтық дақылдар 3 млн.га отырғызу жоспарланған. «Қазагро» холдингі 2013 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші субъектілерге қолдау ретінде 60 млрд.теңге бюджеттік несие бөлуді көздеп отыр.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің биылғы көктемгі егістік жұмыстарына республика бойынша 360 мың тонна дизель отыны қажет. Осыған орай, ҚР Мұнай және газ министрлігімен келісіле отырып, жағармай науқан кезінде нарықтық құнынан 10-12 пайыз арзандатылып сатылатын болды. Бұл жұмыстарға 3,0 мың бірлік техника жұмылдырыларды.
Дәулетқали Асауов,
Суретті түсірген Азамат Есембеков

http://www.baq.kz/news/23782

Рубрика: