Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Египет президенті сарайы алдында зеңбіректен салют беріп жатқан әскерилер. Каир, 8 маусым 2014 жыл.Каирде бүгін президент сарайына жақын маңда жарылыс болып, полиция қызметкері қаза тапқан. Тағы бірнеше адам жараланған.

Египет ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандар оқиға орнына қашық емес жерден табылған жарылғыш құрылғыны зарарсыздандырып жатқанда өзге бомба жарылған. Жарылыс кезінде резиденцияда президент Абдель Фаттах әл-Сисидің болғаны, я болмағаны әзірге белгісіз.

Бірнеше күн бұрын «Ажнад Миср» деп аталатын радикалды исламшыл тобы Каирдің жарылыс болған ауданында қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне шабуыл жасау үшін бірнеше бомба орнатқандарын мәлімдеген еді.

Экстремистердің шабуылы «Мұсылман бауырлар» қозғалысынан сайланған президент Мұхаммед Мурси былтыр жазда биліктен кетірілгеннен бері жалғасып келеді. Бірақ «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері ол жарылыстарға қатысы барын жоққа шығарады.

http://www.azattyq.org/content/news/25440073.html

Рубрика: