АЛТЫНОРДА
Новости

Египет әйелдер үшін ең қолайсыз ел болып танылды

bniuh
Астана. 12 қараша. Baq.kz — Соңғы бірнеше жылдағы саяси төңкерістерден кейін Египет араб елдері арасында әйелдер үшін ең қолайсыз мемлекет болып танылды деп жазады The Independent. 

Жалпы, әлемде 22 араб елі болса Египет осы тізімнің ең соңғы орнында. Оған себеп — елдегі зорлық-зомбылық және парламенттегі әйелдер санының 12 пайыздан 2 пайызға дейін қысқаруы. Мемлекетте сондай-ақ, әйелдерді сүндеттеу рәсімі де кеңінен таралған. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Египетте 27 миллион әйел осындай азаптауға ұшыраған.
Ал, әйелдер үшін ең қолайлы араб елі — Комор аралдары екен. Мұндағы министрлердің 20 пайызын нәзік жандылар құрайды. Тіпті, отбасы ажырасқан кезде мүліктің басым бөлігі әйелде қалады.
Бұл тізімнің келесі сатыларына Оман, Кувейт, Иордания және Катар елдері жайғасқан. Ал, Египеттің алдында Ирак, Сауд Арабиясы, Сирия және Йемен тұр.

 

http://baq.kz/kk/news/38998