Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ria.ruБүгінгі таңда Эбола дерті әлемнің бірқатар елдеріне тарап үлгерді. Бізге де ондай қауіп бар ма? Осы дертке қарсы ем табылды ма?

Жазира, Алматы қаласы

А.М.КУРБАНОВ, «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы

— Қазір әлемде белгісіз аурулар шығып жатыр. Ауруға шекара жоқ. Ол кез келген уақытта өзге елдерге таралуы мүмкін. Өйткені, бүгінгі заманда барлық елдердің азаматтары бір-бірімен араласып жатыр. Бұл аурудың таралуына мүмкіндік туғызады. Мысалы, Эбола геморрогиялық қызбасы Африка елінде пайда болғанмен, өзге құрылықтағы мемлекеттерге де барды. Оның Қазақстанға келуі де мүмкін. Сондықтан сақтық шараларына аса көңіл бөлуіміз керек. Эбола вирусымен науқастанған адам анықталса, ол науқасты оқшаулап, науқас адам болған орындарды залалсыздандыру қажет. Негізі Эбола геморрогиялық қызбасы (Африкадағы геморрогиялық қызба) 1976 жылы Оңтүстік Судан мен Солтүстік Заирдың бір бірінен 1000 шақырым қашықта жатқан областырында бір мезгілде анықталған. Ол өте жұқпалы дерт. Сол кезде жүздеген адам жұқпалы аурудан зардап шеккен. Судандағы емханада 230 маманның 76-сы (33%) науқасқа шалдықса, олардың 41-і (53,9%) көз жұмған. Заирде 237 адам науқастанып, олардың 211 (90%) қаза тапқан. Осы мемлекеттердің Үкімет басшыларының өтінші бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауру шыққан елдерге басқа елдерден мамандар жібереіп, олар жанжақты зерттеулер жүргізген.

К.К.КАРДАСИНОВ, «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:

— Эбола қызбасының белгісіз кезеңі 4-16 күнге (орташа 7 күн) созылады. Сыртқы белгілері өте ауыр өтеді. Көп жағдайда науқастың 4-7 күндері көп қан жоғалту салдарынан науқас көз жұмады. Аурудан сауығу кезеңі ұзаққа созылады. Дер кезінде дұрыс ем жасалған жағдайда науқас сауығып кетеді. Аурыдан із қалмайды. Эбола геморрогиялық қызбасын емдеуге одан сауыққан адамдардың қанынан алынған сары сұйықтық пен интерферен дәрісінің шипа болатыны белгілі.

А.Г.МАТВЕЕВА, «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК маманы:

— Вирус анықталғанда, науқас оқшауланып, онымен қарым-қатыс мүмкіндігінше азайтылады. Көмек көрсететін адамдар арнайы қорғаныш киімдерін кию шарт. Қоздырғыштарды залалсыздандыру үшін 10 пайыздық гиплохлорид қоспасы пайдаланылады. Науқас қайтыс болған жағдайда сойып тексеруге рұқсат берілмейді. Мүрдені орап, тез арада жер қойнауына тапсыру қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының комиссиясы Эбола қызбасы таралуының алдын алу мақсатында, одан қорғану, оның ошағында жұмыс істеу ережелерін жасады. Қазіргі уақытта мамандар сол ережеге сай жұміс атқарады.

Қосымша мағлұмат

Жалпы, кез келген жұқпалы ауру анықталғанда оның ошағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Дератизациялық және дезинсекциялық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жұмыстарымен Алматы қаласының дезинфекция станциясының – профилактикалық дезинфекция бөлімі айналысады. Кез келген қала тұрғыны (Азов көшесі, №17) 233 65 23 телефон номеріне хабарласуына болады.

Автор: Қалдар Көмекбаев

Толығырақ: http://alashainasy.kz/interested/eboladan-bzge-kaup-bar-ma-58088/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: