Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Е дәруменін пайдалану адам ағзасын бактериалдық жұқпалардан қорғап, иммундық жүйенің қартаюын реттеуге көмектеседі.Бұл туралы Тафтс Университетінің ғалымдары хабарлады. Күнбағыс дәндері, қызанақ, манго мен киви өзге тағамдарға қарағанда Е дәруменіне бай.

Бұл туралы  Kedem порталы хабарлады.

Әсіресе Е дәрумені қартар үшін маңызды, дейді мамандар. Өйткені қартайған кезде иммундық жүйенің қызметі әлсірейді.

Зерттеу барысында Е дәруменінің қажетті нормада болуы өкпедегі зиянды бактериялар мен қандағы ақ клеткалардың азаюымен тікелей байланысты екенін анықталды.

ҚазАқпарат

Дуанабай Жолдасбек

http://aikyn.kz/articles/view/63737

Рубрика: