Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АҚШ «Бірлік» ақпарат агенттігінің 18 ақпан күнгі хабарына сенсек,«Уикиликс» сайтының құрушысы Джулиан Ассанж Аустралия Федерациясының кеңес палатасы сайламына қатысып, Англия мен АҚШ-тан келетін қауіптен арылуды жоспарлауда екен.

Экватор Англиядағы елшілігін паналап жүрген Ассанж бұл туралы «Сұхбат» атты порталда жариялаған. Естеріңізде болса, әлем саясатының, алпауыт елдердің құпияларын, белді тұлғалардың жасырын өмірі жайлы ақпараттарды таратумен аты шыққан «Уикиликстің» жетекшісі былтыр көктемде Экватор елшілігіне бой тасалап, сотталудан аман қалған болатын.

Джулианның ғаламторда жарияланған мақаласында: «Егер 24 қыркүйек өткізілетін Аустралияның кеңес палата сайлауында жеңіске жетсем, АҚШ дипломатиялық келіспеушіліктердің туылуынан сақтанып, маған жасырын қастандық әрекеттерін тоқтатады. Англия да АҚШ-тың соңынан ереді. Егер олай істемесе, қазіргі саяси аумалы-төкпелілік тіпті де шиеленісе түседі» деген.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

http://massaget.kz

 

Рубрика: