Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Салмақсыз» («Weightless») деп аталатын фантастикалық жобада басты рөлде Джессика Альба ойнайды. Фильм Myriad Pictures студиясында түсірілмек.

Сюжеттегі оқиға болашақта орын алады. Астронавттар жасағының бір мүшесі ірі жол-көлік апатына себепші болып, оқиға орнынан қашып кетеді. Өйткені бірнеше күннен кейін ол ғарышқа аттануы тиіс еді. Егер құқық қорғаушылар оның апатқа қатысын біліп қалса, ғарышқа ұшу мүмкіндігінен айырылады.

Осыған дейін «Король» («The King»), «Дүниеге келу» («Birth»), «Құбыжықтар салтанаты» («Monster’s Ball») деген фильмдерге сценарий жазған Мило Аддика (Milo Addica) болашақ жобаны түсірмек. Бұл оның алғашқы режиссерлік жұмысы болады.

 

Дереккөз: Variety

Рубрика: