Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ЧанТанымал актер Джеки Чан өз өмірі баяндалатын мюзиклмен жұмыс жасап жатыр.

Мюзикл 1998 жылы жарыққа шыққан «Мен — Джеки Чанмын. Менің экшндағы өмірім» («Я — Джеки Чан. Моя жизнь в экшне») өмірбаяндық кітаптың желісімен дайындалуда. Әлемдік ақпарат көздерінің баяндауынша, Джеки Чан осы музыкалық қойылымның сценарийіне білек сыбана кірісіп, режисер іздеп жатыр. Бұл жөнінде актер Нью-Йорк қаласында өткен баспасөз-конференциясында мәлімдеді. «Біз қазіргі таңда режисер таңдап жатырмыз. Мұның бәрі бір қызық», — дейді танымал актер Джеки Чан.

Мюзиклде Чанның балалық шағы мен оның ата-анасы туралы көрсетілетін болады. Сонымен қатар, қойылымда актердің Пекин опера мектебіндегі кездері мен оның осы күнге жету жолдары бяндалады. Онымен қоса, болашақта көрермендер музыкалық қойылымнан актердің кунгфу өнерімен шұғылданғанын және аты аңызға айналған Брюс Ли туралы кинофильмде төбелес қимылдарымен шығатын көпшіліктің ішінде болғанын көре алады.

Сонымен қатар, Джеки Чан тағы да бір жаңа өмірбаяндық кітап жазып жатқандығын хабарлаған. Тұсауы әлі кесіліп үлгермеген кітап «Мен әлі де Джек Чанмын»деп аталады. Оның айтуында, алғашқы кітап жарыққа шыққаннан бергі 15 жыл ішінде оның өмірінде жұртпен бөлісуге тұрарлық талай қызықты оқиғалар мен шаралар болған. Актер өзінің «Неудержимые-3» шытырман оқиғалы кинофильміне қатысқанын да мойындады. Естеріңізге сала кетсек, Сильвестр Сталлон, Арнольд Шварценеггер, Чак Норрис, Жан-Клод Ван Дамм, Джейсон Стэтхем, Брюс Уиллис және Дольф Лундгрен сынды атақты актерлер қатысқан кинофильмнің екінші бөлімі 2012 жылдың тамыз айында кинопрокатқа жол тартқан еді. Сөйтті де, әлемдік прокатта 317 миллион доллар жинап үлгерді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mors.sibnet.ru

 

http://massaget.kz

Рубрика: