Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

прррДженнифер Лопес Viva Movil ұялы байланыс желілерін ашпақшы.

Әнші жаңа бизнесті отандастарына арнамақшы екен. Өз сөзіне сенсек, аталған жобаның басты мақсаты АҚШ-та өмір сүріп жатқан оңтүстік америкалықтарға бағытталмақ. Алғашқы дүкені осы жылдың маусым айының ортасында Нью-Йоркте пайда болмақ. Ал 2013 жылдың соңына дейін бизнес-ханшайымы тағы да 15-ке жуық салонды Штат аумағында ашып тастайтына сенімді.

Қызық болып тұрғаны, Viva Movil жобасы Джей Лоның бұрынырықтағы бизнес-жобаларын басып оза алар ма екен?

Естеріңізге сала отырсақ, бүгінгі таңда танымал әншінің иелігіне кинокомпания, сән, парфюмер брендтері, және де кубиндік мейрамханалар кіреді.

сурет:tech.onliner.by

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz

Рубрика: