Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей парламентінің төменгі палатасы — Мемлекеттік дума Арменияның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді мақұлдады. Келісім мақұлданған желтоқсанның 10-ындағы жиынға думаның 450 депутатының 441-і қатысты. Олардың 440-ы келісімді қолдап дауыс беріп, біреуі қарсы болды.

Думаның ТМД, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс істерң бойынша комитетінің басшысы Леонид Слуцкий дауыс беруге дейін Арменияның ЕАЭО-ға кіруі — «одақ үшін маңызы бар оқиға» деп мәлімдеген. Бұған қоса Слуцкий Таулы Қарабахпен байланысты барлық дау шешіліп, Армения ЕАЭО-ға халықаралық деңгейде танылған шекарасымен кіретінін айтқан.

Арменияның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімге биыл қазанның 10-ында Минскіде Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армения президенттері қол қойған.

Желтоқсанның 4-інде келісімді Армения парламенті мақұлдаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26736642

Рубрика: