Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ledДубай атты ыстық қалада жаз күні температура 40° ыстыққа жетеді. Салқын жердің табыла қоюы мұнда екіталай. Бірақ БАӘ елінде қалта толы қаржылы адамға Антарктиданың мұз кесегі мен аты аңыз ақ аюын жеткізіп бере алады. Бұл тұста полюс шеңберінің климаты бар “Chillout Ice Cafe” атты кафені назардан тыс қалдырмақ емеспіз.

Тұрақты -6°С бұл өңірде бұрын-соңды болып көрмеген жан рахатын сыйлайды. Аталған мейрамханада барлығы тек мұздан түзілген: үстелдер, орындықтар, ыдыс-аяқтар, перделер мен аспашам (люстра), мүсіндер.

Осы бір таңдай қақтырарлық ғаламат кафе жылу бөлмейтін жарықиодты сәулелермен жарықтандырылған. Және ғимарат ішінде құрғақтық пен ылғалдылық деңгейі төмен болғандықтан, температура мұз түзілудің алдын алып, субтропикалық климаттың бар ыстығын тасада қалдырады.

Және де мұз орындықтардың үстінде емін-еркін отыра беруге болады. Қауіпсіздік жағынан алғанда аталған орындықтар акрилді өнімдермен қапталған, сол есепті жылуалмасу орын алмайды.

Бұл жерден әрқашан жылы-жұмсаққа толы қой тұлыбы мен жан мен тәнді қатар жылытатын ішімдікке тапсырыс бере аласыз.

 

Сурет:mobbit.info 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz

Рубрика: