Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) басшысы Роберто Азеведоның айтуынша, қазір ұйымға мүше 160 мемлекеттің арасында ДСҰ-а 10 елді, оның ішінде Қазақстан мен Ауғанстанды кіргізу мәселесі белсенді талқыланып жатыр.

Reuters агенттігі сілтеме жасаған ДСҰ есебінде Роберто Азеведо Астанамен келіссөздер қазір аяқталуға жақын қалғанын, алдын-ала шешім келесі жылдың басында шығатынын айтқан.

Азеведоның сөзінше, Қазақстаннан кейін Ауғанстанның ДСҰ-ға кіру жайы шешіліп қалуы мүмкін. Бірақ, наурыз айында дайындалған келісім жобасы әлі толықтырылмаған және ол келісімге қол қою туралы келіссөздерді кейінге қалдырған Кабулдың ұсынысына қарап тұр.

ДСҰ-ға кіретін мемлекет тарифтердің төмендетілуіне және заңнамаларын импортер мен экспортердің құқықтары сақталатындай етіп ұйым ережелеріне сәйкес өзгертуге келісуі тиіс.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26710721

Рубрика: