Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) мәліметтері бойынша, Батыс Африканың Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде қауіпті Эбола вирусынан қаза тапқандар саны бес мыңнан асты.

Қарашаның 9-ы күнгі дерекке қарағанда, бұл үш елде вирус жұқтырған 14 мың 68 адамның 5 мың 147-сі қайтыс болған. Вирус тараған басқа бес ел — Нигерия, Сенегал, Мали, Испания және АҚШ-та Эболаға шалдыққан 30 адамның 13-і дүние салған.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, желтоқсан айында Либерияға медициналық блоктарды салу үшін үш мыңдай әскерилер жіберіледі. Қазір Либерияда АҚШ-тың екі мың әскері тұр. АҚШ әуелде бұл елге төрт мың әскери қызметкер жібермек болған еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26689292

Рубрика: