Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

kapital.kzДонецкіде 9 ақпанға қараған түні қатты жарылыс болды. Зымыран кеп тиген нысан — Донецкідегі химия зауыты көрінеді. Өз-өзін Донецк халықтық республикасы деп жариялаушылардың қорғаныс министрінің орынбасары Эдуард Басурин нысананы «Точка У» тактикалық зымыраны жойып жіберді деп болжам айтады.

РИА Новостидің хабарлауынша, «Азов» украин полкінің баспасөз қызметі жарылған химия зауыты емес, оқ-дәрі сақтайтын қойма деп мәлімет таратқан.

Жарылғыш заттар өндіретін химия зауыты Донецкінің солтүстігінде орналасқан. Сондай-ақ зауытта қолдануға жарамсыз артиллериялық, инженерлік жарылғаш заттар бар екен. Соған қарағанда зауыт жанындағы осы ескі-құсқыны сақтайтын қойма жарылған секілді.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/donetskde-himiya-zauyityi-jaryildyi-video-63052/

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: