АЛТЫНОРДА
Новости

Донецкіде польшалық діндар жоғалды

Украинаның Донецк облысында 27 мамырда польшалық католик діндары Павел Витек жоғалып кетті деп хабарлайды УНИАН агенттігі.

Витек Донецкіге 27 мамыр күні кешке Конституция алаңында өтетін Украинада бейбітшілік орнатуға арналған күн сайынғы құлшылыққа қатысу үшін барған. Бірақ сол күні түс ауа хабар-ошарсыз кеткен.

Кейбір расталмаған ақпараттарға қарағанда, Павел Витекті өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасының өкілдері Украина қауіпсіздік қызметінің ғимаратында ұстап отыр.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) да екі тәулік бойы Донецк түбінде жоғалған бақылаушыларымен байланыса алмай отыр. ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясы құрамында Түркия, Эстония, Дания және Швейцария өкілдері бар. Олар Донецкінің шығысындағы жағдайды күнделікті бақылап отырған. Украина билігі оларды ендігі іздестіруді бастап кетті.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140528/330/330.html?id=25401347