Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2F20E0FB-356C-4BB9-937F-247FD7240707_w308_h173Украинаның Донецк облысындағы Широкино селосы маңында бүгін танкіге қарсы мина жарылысынан автокөлікте келе жатқан украиналық екі әскери қаза тауып, біреуі жараланған. Бұл туралы президент әкімшілігінің арнайы операциялар жөніндегі баспасөз хатшысы Александр Мотузяник «112 Украина» телеарнасына хабарлаған. Оның сөзінше, украиналық әскерилер Широкинодағы жаяу әскер батальондарының бірінің қызметкерлері.

Бұған дейін Луганск облысындағы Счастье қаласы маңында украиналық әскерилер мінген автокөлік минаға түсіп, төрт адам қаза тапқан деген ақпарат тараған. Кейін террорға қарсы орталықтан бұл жарылыс минадан емес, танкіге қарсы зымыранмен атудан болған деп хабарлады.

Мотузяниктің ақпараты бойынша, тәулік барысында Мариуполь ауданында сепаратистер әуеден барлау жүргізуге жіберген жеті пилотсыз ұшатын аппарат байқалған. Ол сепаратистерді «оқ атпау режимін бұзған» деп айыптады. Әсіресе, Донецк маңы мен Луганск облысындағы Сокольники кенті маңында ондай оқиғалар жиі тіркелген, ол аймақтарда сепаратистер қолдануға тыйым салынған 120-миллиметрлік минометтерден атқылаған деп мәлімдеген Мотузяник.

http://www.azattyq.org/

Фота Азаттык радиосы сайтынан алынды

Рубрика: