Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейдің Донбасқа жөнелткен осымен алтыншы «гуманитарлық жүк» керуенінің көліктері бүгін таңертең Украина шекарасын кесіп өткен. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Олег Вороновтың айтуынша, жөнелтілген 20 көлікте жүз тонна жүк – дәрі-дәрмек пен отын тиелген.

Ресей тарабының айтуынша, жүк Украина шекарашылары мен кеденшілерінің және ЕҚЫҰ өкілдерінің қатысуымен рәсімделген.

Ресми Киев Мәскеу жүк жөнелту жайлы бір де бір рет Украина жағының келісімін алмағанын мәлімдеп, Ресейдің мұндай әрекеті халықаралық келісімдерді бұзады дейді.

Тамыз бен қыркүйек айларында Ресей билігі Украинаның Донецк мен Донецк облыстарына «гуманитарлық жүк» тиелген көлік керуендерін жөнелткен еді. Украина билігі ол кездерде ресейлік көліктер «шекараны заңсыз кесіп өтті» деп, Мәскеудің мұнысын «Украина территориясына тікелей басып кіру» деп атаған.

Ресей өткен аптада Украинаның шығысына тағы екі рет жүк артқан көліктерін жіберген еді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141104/330/330.html?id=26673471

Рубрика: