Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Дания астанасы Копенгаген қаласында Еуропадағы ең үлкен океанариум есігін ашты. Blue Planet («Көк планета») аталған нысанда жалпы саны 53 аквариум орналасқан екен. Ондағы судың жалпы көлемі 7 миллион литр. Blue Planet аквариумдық қызметтен басқа, құрып бара жатқан балықтарды сақтап қалу жобасымен де айналыспақ.

1

2

Жаңа нысан Эресунн бұғазының жағасында орналасқан. Жобаға қатысты конкурс жұмыстары 2007 жылы жарияланған еді. Жеңімпаз болып 3XN сәулет студиясы танылды. Қазірде Blue Planet океанариумінде мұхит пен теңіз жәндіктері және жануарларының бірнеше түрлері мекен етеді. Онда барлығы 20 мың балық пен теңіз жануарларының 450 түрі бар. Ондағы ең үлкен аквариумның ұзындығы 16 метр, биіктігі 8 метр. Салмағы 60 тонна болады. Аквариумға қажет су теңізден тартылған ұзындығы 1,7 шақырым болатын құбырдан келіп тұрады.

3

5

 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

http://massaget.kz/

 

Рубрика: