Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Атақты әнші Виктор Цойдың баласы Александр «Біртұтас Ресей» партиясының мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты Евгений Федоровты сотқа бермек. 

Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында әкесін қаралап, жазықсыз айып таққаны үшін ол елдің Тергеу комитетіне өзінің талап-арызын тапсырды. Мәселенің байыбына барсақ, осыдан оншақты күн бұрын Дума депутаты Евгений Федоров «өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңында миллиондардың сүйіктісіне айналған Виктор Цой ЦРУ-дің агенті болып шықты» деп мәлімдеме жасағаны белгілі.

– Өйткені ол барлық әндерін Голливудта жаздырған екен. Әншінің әуендері  КСРО-ның тезірек құлауына қызмет етті,-дейді ол.

Федоров бұл ретте «Цойдың әндері АҚШ-та жазылып, КСРО-да орындалды. Кияр, қызанақ туралы ән айтып жүрген қысықкөз бала неге аяқ астынан қайта құру туралы шырқап кетті, мұның барлығы АҚШ-тың арнайы қызмет орындары жұмысының нәтижесі» екенін айтады.

– Голливудте арнайы адамдар Цойға орыс тілінде ән жазды. Мұны біздің ҰҚК анықтап отыр. Мұндай жобалар қайта құру кезінде мыңдап жасалынды. Цой да АҚШ тарапынан арнайы жасалған жоба. Мысалы, оның «Перемень» әні миллиондаған адамдардың санасын улады. Нәтижесінде, КСРО-дай алып мемлекет құлады, – дейді депутат Федоров.

Бірақ Дума депутатының қолында ҰҚК-нің қандай құжаты бар, ол жағы белгісіз күйінде қалып отыр.

– Депутат Федоровтың бұқаралық ақпарат құралдарында таратқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Бұл өтірік пен қауесетке толы пікір. Бұл мені және әкемді қорлау болды табылады,–дейді Александр Цой.

Егер депуттың қолында ешқандай нақты құжат жоқ болып, Виктор Цойды жызықсыз қаралаған болса, ол 1 миллион рубль төлеуі мүмкін немесе 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілуі керек. Сонымен қатар, атақты әншінің баласы Мемлекеттік Думаның депутаттық этика жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Дегтяровқа да арнайы хат тапсырды. Бұл хатында депутат Александр Цойдың әніне табынушы қауымнан және Цойдың ұрпақтарынан кешірім сұрауы тиіс екенін айтылады. Сондай-ақ ол Федоровты бір ай бойы Думада дауыс беру және сөйлеу құқынан айыруды сұраған.  Қалай айтқанда да, депутатың мәлімдемесі Цой шығармашылығын дәріптейтін азаматтар мен олардың таныстары мен отбасының арасында наразылық тудырды.

«Кино» тобының музыканты Алексей Рыбин «Виктор Цой бұл әнді менің көз алдымда жазды. Оны сотта нақты дәлелдей аламын. Жалпы Федоров бұл жолы шектен шығып кетті. Бұл іске нүкте қоятын уақыт жетті. Сондықтан сот депутатқа қатысты нақты шешім шығарады деп ойлаймын, – деді.

Берік Бейсенұлы

http://www.aikyn.kz/articles/view/47931

Рубрика: