Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 12 мамыр. Baq.kz — Чехияның биылғы жылдың басында сайланған президенті Милош Зееманның «атағы» елге жария болып жатыр. 69 жастағы мемлекет басшысының Прагадағы королдік бағалы заттар көрмесінде аяғын баса алмай, тәлтіректеп жүргені жазылған видеосюжет интернетте кеңінен таралып кетті.

Чех басшысы туралы жағымсыз хабарды интернетте блогшылардың бірі таратты. Ол президенттің көрмеге қандай күйде келгенін сипаттап жаза келе, «Ол шындығында мас болған сияқты және оны кім тойғызып жібергені де белгілі…» деп жазды. Сосын ол Чех басшысы бұнда келместен бірнеше сағат бұрын Ресей елшілігінде Жеңіс күніне арналған жиында болғанын айтады. Президентті сол жерде «сыйлап жіберген» болуы керек дегенге меңзейді.
Еске сала кетейік, 69 жастағы Милош Зееман Чехияның үшінші президенті. Ол қызметіне 2013 жылдың 8 наурызы күні кіріскен еді.
Қ.Жұмағалиұлы

Рубрика: