Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Парижде шығатын сатиралық Charlie Hebdo журналы қаңтардың 7-сіндегі шабуылдан кейін жарық көретін алғашқы санында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы басылатын болды. Қаңтардың 12-сі күні кешке баспаханаға жіберілген журнал санындағы картинада Мұхаммед пайғамбардың қолына «Шарли — бұл мен» деген жазуы бар тақта ұстап қайғырып тұрған бейнесі салынған. Картина тақырыбы «Барлығы кешірілді» деп аталады.

Журналдың бұл жолғы саны әдеттегі 60 мың тираждың орнына 3 миллион тиражбен шығады. Тираж бірнеше тілге аударылады.

Charlie Hebdo адвокаты Ришар Малка француз радиосының «журнал шабуылдан кейін саясатын өзгертпей ме және экстремистерден қорықпай ма?» деген сауалына «Біз артқа шегінбейміз. Олай етсек ісіміздің мәні болмайды» деген.

Журнал тиражы сатылымға қаңтардың 14-і түседі.

Қаңтардың 7-сінде Парижде сатиралық Charlie Hebdo журналы кеңсесіне қарулы үш адам шабуыл жасап, 12 адам (сегізі — журналист) қаза тапқан. Одан кейінгі екі күнде шабуылға күдіктілер мен олардың серіктерін ұстау операцияларында тағы бес адам қаза тапқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150113/330/330.html?id=26791031

Рубрика: